«Біз осындай баламыз».

4 маусым қазақ бастауыш сыныптары арасында «Күншуақ» лагері жалғасуда. Барлық іс-  шаралар жоспарға сәйкес орындалып жатыр.  Оқушылар  таңғы жаттығу жасау үшін арнайы спорт алаңына жиналды. Онда олар түрлі жаттығулар орындады.  Жаттығудан соң оқушылар  «Біз осындай баламыз» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекелік іс-шарадан кейін аудандық кітапхана ұжымы «Ертегілер елінде» атты балаларға арналған көңілді іс-шара өткізді.  Мерекелік іс-шаралар аяқалған соң  балалармен таза ауада эстафеталық жарыстар өткізілді. Бүгінгі күн балалар үшін өте көңілді өтті.