2022 жылғы мемлекеттік қызметтер бойынша есеп.
1. Жалпы ережелер
1)Қызмет беруші туралы мәлімет: «Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің Балкашин ауылының №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ. Заңды мекенжайы: Балкашин ауылы, ағайынды Айсиндер көшесі, 50.
2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің Балкашин ауылының №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ 4 мемлекеттік қызмет.
2022 жылы «Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің Балкашин ауылының №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ 85 қызмет көрсетілді;
электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны - 61; қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны - 24.
Барлық мемлекеттік қызметтер тегін түрде көретіледі.
3) Ең көп талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат: мектептегі ең көп талап етілетін мемлекеттік қызметтер:
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»;
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»;
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау»;
«Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру».
2.Қызмет алушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Қызмет алушылар үшін барлық қажетті ақпарат мектептің ресми сайтында орналастырылған, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері орналастырылған. Сондай-ақ ақпараттық стендтерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.
2022 жылы «Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің Балкашин ауылының №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ БАҚ және әлеуметтік желілерде аудандық «Сандыктауский край» газетінде 1 мақала жарияланды, 1 тікелей эфир өткізілді.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету үрдістерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету үрдістерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында мектеп Аkmola.kz бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді. Жүйеде 2 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылуда.
Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап мектепте ҚР Білім және ғылым министрлігінің ҚР БҒМ ММ АЖО жүйесі жұмыс істейді, онда 4 мемлекеттік қызмет қолжетімді.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
Мектепте мемлекеттік қызметтерді қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 1 қызметкер көрсетеді.
4.Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.
1)Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдартүскен жоқ.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.
Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ. Мемлекеттікқызметтердібұзушылықтарғажолбермеубойыншашараларқабылдануда.
5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.
Қызмет алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2023 жылға ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.
2023 жылы мектеп жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастырады.
Директордың м.а. А. Т. Есимкаирова
Орындады Н. Карнаухова
Тел.: 87164091456