«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Балкашин ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 села Балкашино отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Дарынды балалар бізде бар, болды және болады

Қазір кезде адамдар бізде дарынды балалар жоқ деп айтады. Бірақ мен олармен келіспеймін. Олар бізде бар, болды және болады. Олар - ерекше балалар. Олардың ерекше дарындылық қабілеттері бар. Біз оларды вундеркинд, индиго балалар немесе басқа эпитеттермен атаймыз. Олардың мұндай қабілеттері туа бітпейді, өсе келе дамиды.

Бала дүниеге келген кезде, ол ата-анасынан тек көздің, шаштың түсін, жоғары жүйке қызметінің түрін, сипатын алады. Содан кейін сыртқы орта әсер етеді. Жақсы педагогтармен сабақ кезінде баланың қабілеті дарындылыққа айналады, ол өз кезегінде дарындылықты немесе тіпті даналықты қалыптастырады. Кез келген данышпандық жаратқанның сыйы емес деп айтқым келеді, бұл күнделікті еңбек, дәл осы сапа 98% даналықты қалыптастырады. Дарындылық жоғары жұмысқа қабілеттіліктің арқасында ғана қалыптасады.

   Мен осы кезекте мұғалім туралы бөлек айтқым келеді. Ізденбеген, әуестенбеген педагог дарынды балалармен жұмыс істей алмайды. Мұғалім қандай да бір ғылымды қалай үйрететініне, көп жағдайда оқушының жаңа материалды қаншалықты меңгеретіні, заттың мәнін қаншалықты тереңірек бойлап және оқу үдерісін қалай қабылдайтынына байланысты. Біздің, мұғалімдердің алдымызда үлкен міндет тұр. Ол  – өз оқушыларына ғылымның қажеттілігін, маңыздылығын дәлелдеу, сондай-ақ олардың әрқайсысын түсіну, кілт табу, баланың жүрегіне жақындау. Мұғалім еңбегінің арқасында біздің ғылым әлемімен алғашқы танысуымыз орын алады және оның қаншалықты табысты болуы көбінесе тек педагогке байланысты.

Біз, Балкашин №1 орта мектебінің оқушысы Савиди Никитамен бір орында отырмаймыз. Облыстық, республикалық байқауларға қатысқаннан кейін біз тоқтаған жоқпыз. Өзінің зерттеу жұмысын пысықтап, шетелдерде өз күшімізді сынап көруге шешім қабылдадық. Сырттай халықаралық байқау туралы біліп, өз жұмысымызды жібердік. 2019 жылдың 30 қарашасында Сербия Республикасы Ниш қаласында "Білім мұхиты" Халықаралық жобалар байқауы өтті.Халықаралық жобалар байқауына ТМД елдерінен - Ресей, Қазақстан, Украина, Өзбекстан елдерінен 82 қатысушы қатысты. Сарапшылар Ресейден (Мәскеу, МГОУ), АҚШ (Сиэтл), Сербиядан (Ниш), Қазақстаннан (Орал) ғалымдары, әдіскерлері, педагогтары болды. Байқау қорытындысы бойынша Никита "Алтын қор" номинациясы бойынша 1 дәрежелі дипломмен және алғыс хатпен марапатталды.

 

Жаңартылған күні: 31.01.2020 11:23
Құрылған күні: 31.01.2020 11:23

Текст