Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің хатына сәйкес, ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы «Орта білім беретін ұйымдарда оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру, сондай-ақ оқушыларды тамақтандыруға тауар сатып алу туралы» 66 бұйрығын жүзеге асыру мақсатында, мектеп директорының бұйрығымен бракеражды комиссия құрылған. Аталған комиссия асханадағы кезекшілікті, мектеп асханасының санитарлық-гигиеналық жағдайын бақылауды, т.б. жұмыстарды жүзеге асырады. Комиссия 7 адамнан тұрады. Комиссия төрайымы мектеп директоры С.Д.Қалияқбарова, комиссия мүшелері: Антонкина Т.Я., Алимжанова А.К., Киреева Л.А., медбике Белякова Е.В., ата-аналар комитетінің төрайымы Анастасияди О.И. Бракеражды комиссия сатып алынған, піскен және шикі тағамдардың сапасын бақылайды, оларды сақтау және мерзімінен өткізбей қолданылуын бақылайды. Осыған байланысты мектеп медбикесі бракеражды журналды күн сайын толтырып тұрады және тағамдардың сақталу нормасы мен тамақтың калориялылығын, ыдыс-аяқтың дұрыс жуылуын, дезинфекциялануын, тағы да басқа санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуын бақылайды. Сонымен бірге оқушылардың тамағының түрлілігіне, калориялылығына, дәруменділігіне мен минералды заттардың болуына аса назар аударылады. Күн сайын ас мәзірі түрлі болуы қажет. Міндетті түрде салаттардың да, ыстық сұйық тамақтың да, қою ыстық тамақтың да, ішетін шай, шырын, какао, компот, кисель, т.б. тамақтардың, кейде жемістердің де түрлі болуы шарт.