14.07.2026
📢 Құрметті ата-аналар!
Мектебімізде білім алушылардың жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуға жолдама беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілетінін еске саламыз.
👧 Жолдаманы келесі санаттағы балалар ала алады:
✅ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатын отбасылардың балалары;
✅ жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың балалары;
✅ жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
✅ қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасылардың балалары, сондай-ақ мектептің алқалы органы айқындаған өзге де санаттағы балалар.
📍 Өтінішті келесі жолдармен беруге болады:
* мектепке;
* ХҚКО арқылы;
* eGov.kz порталы арқылы.
⏳ Қызмет көрсету мерзімі – 5 жұмыс күні.
💳 Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
📄 Қажетті құжаттар:
* өтініш;
* ата-ананың (заңды өкілдің) жеке куәлігі;
* баланың туу туралы куәлігі (қажет болған жағдайда);
* № 071/у нысанындағы медициналық анықтама;
* жеңілдік санатын растайтын құжаттар (АӘК туралы анықтама, табыс туралы анықтамалар, қорғаншылық/қамқоршылық туралы құжаттар немесе басқа да растайтын құжаттар).