"Созидание"Балкашин №1 орта мектебін қолдау және дамыту қайырымдылық жеке қоры
БСН 160240028751
ЖСК KZ956010321000264055
БИК HSBKKZKX
КБе 18
"Қазақстан Халық Банкі "АҚ»
Біздің мектепте бірінші сынып оқушыларын тегін тамақтандыруды ұйымдастыру басталып кетті. Бірінші сыныптан төртінші сыныпқа дейінгі оқушыларды тегін тамақтандыру кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын болады. Өсіп келе жатқан ағзаның жеке қажеттілігіне байланысты оның жасы мен жынысына сәйкес, тамақтанудың теңдестірілген рационы қажет. Сондықтан оқушылар үшін түрлі қоректік заттары бар ғылыми-негізделген екі апталық ас мәзірі әзірленіп бекітілді. Қырық төрт бірінші сынып оқушылары мектеп асханасында күніне бір рет тегін ыстық тамақ ішеді. Қызмет көрсетуші барлық технологияларды сақтай отырып, ас блогының жұмысын, жеткізілетін өнімдердің сапасын қамтамасыз етеді. Сонымен бірге ас блогында, тағам сақталатын қоймаларда санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық ережелер сақталады.