1. Жалпы ережелер
1)Қызмет беруші туралы мәлімет: «Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің Балкашин ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ. Заңды мекенжайы: Балкашин ауылы, ағайынды Айсиндер көшесі, 50.
2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің Балкашин ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 6 мемлекеттік қызмет.
2024 жылы «Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің Балкашин ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 147 қызмет көрсетілді;
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы
көрсетілген - 0 қызмет;
электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны - 103;
қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны - 44.
Барлық мемлекеттік қызметтер тегін түрде көретіледі.
3) Ең көп талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат: мектептегі ең көп талап етілетін мемлекеттік қызметтер:
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»;
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»;
2.Қызмет алушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат мектептің ресми сайтында http://sc0001.sandyktau.aqmoedu.kz орналастырылған «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары орналастырылған. Сондай-ақ, ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызмет көрсету ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.
Қазіргі уақытта заңға тәуелді және құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталында жүзеге асырылады. Мектеп нормативтік-құқықтық актілерді әзірлемеді.
3) Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар):
2024 жылы «Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің Балкашин ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектеб» КММ интернет – ресурстар, әлеуметтік желілер арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізілді, 5 мақала жарияланды.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету үрдістерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету үрдістерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында мектеп Аkmola.kz бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді. Жүйеде 2 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылуда.
Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап мектепте ҚР Білім және ғылым министрлігінің ҚР БҒМ ММ АЖО жүйесі жұмыс істейді, онда 20 мемлекеттік қызмет қолжетімді.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
Мектепте мемлекеттік қызметтерді қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 1 қызметкер көрсетеді.
4.Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.
1)Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері.
Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтерді бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.
5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.
Қызмет алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2025 жылға ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.
2025 жылы мектеп жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастырады.