«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Балкашин ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 села Балкашино отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары- Антонкина Т.Я.

Антонкиной Татьяны Яковлевны

 

Антонкина Татьяна Яковлевна 1974 жылы Целиноград қаласында туған. 1990 жылы Балкашин орта мектебін бітірді. Мектепте оқу кезінде ауылдың қоғамдық өміріне белсене қатысты. Фортепиано сыныбы бойынша музыкалық мектепке барып, Д.М.Қощебаевтың басшылығымен аудандық Мәдениет үйіндегі вокалдық-аспаптық ансамбль құрамында болды.  

1990 жылы Көкшетау музыкалық училищесіне үрмелі аспаптар бөліміне түсіп, 1994 жылы бітірді. Диплом бойынша -  балалар музыка мектебінің мұғалімі және үрмелі оркестрдің жетекшісі.

1995 жылдан 2006 жылға дейін Солтүстік Қазақстан облысы Келлер ауданының Краснополянка орта мектебінде жұмыс істеді. Алдымен вокалдық үйірме жетекшісі, содан кейін музыка және ән мұғалімі қызметін атқарды.            2000 жылы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне жаратылыстану ғылымдары бөліміне сырттай оқуға түсті. 2005 жылы университті сәтті аяқтады – диплом бойынша мамандығы-географ. 

2006 жылдың қыркүйек айынан бастап Балкашино ауылына көшуіне байланысты Балкашин №1  орта мектебіне психолог болып қабылданды. Осы жылдың желтоқсан айында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметіне ауыстырылды. Қазіргі уақытта осы лауазымда және география пәні мұғалімі қызметін атқаруда. Жалпы педагогикалық өтілімі 20 жыл, оның ішінде Балкашин №1 орта мектебінде 13 жыл. Балкашин №1 орта мектебінде жұмыс істеген жылдары директордың, АББ-ның көптеген грамоталары, облыстық білім басқармасының екі Алғыс хаты бар.   География мұғалімдерінің аудандық әдістемелік бірлестігінің жетекшісі.   

Бірнеше рет аудандық кәсіби байқаулардың жүлдегері болды. 2015 жылы "Жылдың үздік мұғалімі" атағына ие болып, облыстық "Үздік педагог - 2015" байқауында І дәрежелі дипломмен және ақшалай сертификатпен марапатталды. 2019 жылы облыстық кәсіптік бағдар беру байқауына қатысып  "Үздік кәсіби бағдар" номинациясы бойынша ІІ дәрежелі дипломмен және ақшалай сертификатпен марапатталды.

Курстардан өтіп педагогикалық деңгейін үнемі жоғарылатып тұрады. Атап айтса: ІІ (негізгі) деңгей (2015 ж.), жаңартылған білім беру мазмұны (география) (2019 ж.), жаңартылған білім беру мазмұны (директордың ТЖ жөніндегі орынбасары) (2018 ж.), жаңартылған білім беру мазмұны аясында кәсіптік бағдар беру курстары (2019 ж.).

Қазіргі уақытта отбасылы, екі ұлы, бір қызы бар.  

Жаңартылған күні: 06.02.2020 10:05
Құрылған күні: 31.01.2020 15:29

Текст