«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Балкашин ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 села Балкашино отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу қағидалары

1. Осы Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Білім туралы», «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы», «Босқындар туралы», «Көші-қон туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың меншік нысанына қарамастан білім беру ұйымдарында мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу тәртібін реттейді.
      2. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасында уақытша тұратын адамдардың балалары (босқындар, пана іздеген адамдар, консулдық лауазымды адамдар, дипломатиялық мекемелердің қызметкерлері, көші-қон заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында жұмыс істейтін еңбек мигранттары) мектепке дейінгі, бастауыш білім беру ұйымдарына қабылданады, негізгі орта және жалпы орта білім беру және Қазақстан азаматтары сияқты құқықтарды пайдаланады.

      3. 16 жасқа дейінгі шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың балаларының ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері өз баласын білім беру ұйымына айқындаған кезде білім алу үшін жолдама алу үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдарына жүгінеді және Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына құжат ұсынады:

Шетелдік - шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;

 азаматтығы жоқ адам - азаматтығы жоқ адамның куәлігі;

 босқын - босқын куәлігі;

 пана іздеген адам - пана іздеген адамның куәлігі;

 қандас - қандас куәлігі немесе көші-қон органдарының анықтамасы.

      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдары қарау қорытындылары бойынша өтініш берушіге білім беру ұйымына ұсыну үшін Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына құжатты қайтарады.

      4. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдары осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген тұлғалардан 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оқушы орындарының профициті бар білім беру ұйымын айқындайды, осы Қағиданың 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орта білім беру ұйымдарында оқу үшін қолма-қол жолдама береді.

      5. Ата-анасы немесе өзге де заңды өкілдері оқу үшін жолдама алғаннан кейін білім беру ұйымына мынадай құжаттарды қағаз жеткізгіште береді:

1) 3-қосымшаның нысанына сәйкес ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші;

 2) тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы белгісі бар ата-анасының немесе өзге де заңды өкілінің мәртебесін айқындайтын құжат (сәйкестендіру үшін түпнұсқасы талап етіледі, ол қайтарылады):

 Шетелдік - шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;

 азаматтығы жоқ адам - азаматтығы жоқ адамның куәлігі;

 босқын - босқын куәлігі;

 пана іздеген адам - пана іздеген адамның куәлігі;

 қандас - қандас куәлігі немесе көші-қон органдарының анықтамасы.

      3) денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама («Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 065/у нысаны (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) және «Бала денсаулығы паспортын» 026/у-3 есептік нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығымен бекітілген № 026/у-3 нысаны (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2423 болып тіркелген);

 4) орта білім беру ұйымына оқыту үшін жолдама;

 5) 2 дана мөлшерінде 3х4 см баланың фотосуреттері;

 6) үлгерім табелі немесе ағымдағы бағалардың анықтамасы-үзінді көшірмесі.

      6. Білім беру ұйымдарының басшылары Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын адамдардың балаларын оқытуға қабылдау кезінде аталған балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен осы Қағидалардың 5-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құжаттардың бірін талап етеді.

 Ата-аналар немесе балалардың өзге де заңды өкілдері аталған құжаттарды ұсынудан бас тартқан кезде білім беру ұйымының басшылары Ішкі істер органдарын дереу хабардар етеді.

      7. Білім беру ұйымдарының басшылары тиісті сыныптар бойынша шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың білім алушылар қатарына Қазақстан Республикасы азаматтарының балаларының саны осы сыныптағы балалардың тізімдік санының кемінде 85% болған кезде білім туралы құжаттарға сәйкес шетелде алған білім деңгейін негізге ала отырып, баланы білім беру ортасында табысты әлеуметтендіреді.

      Білім туралы құжаттар болмаған кезде қалалық (аудандық) білім бөлімі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 1-13) тармақшасына сәйкес үміткердің білім деңгейін айқындайтын комиссия құрады.

      Білім алушылар қатарына қабылдау комиссия шешімінің негізінде білім беру ұйымы басшысының шешімімен жүргізіледі.

      8. Білім беру ұйымы үш жұмыс күнінен кешіктірмей шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың балаларын ұлттық білім беру деректер базасына оқуға қабылдау туралы мәліметтерді орналастырады.

9. Қазақстан Республикасында уақытша тұратын шетелдіктер оқу мерзіміне байланысты білім туралы тиісті құжаттарды алады (негізгі орта білім туралы аттестат, жалпы орта білім туралы аттестат, білім деңгейі аяқталмаған жағдайда - үлгерімі туралы табель немесе білім беру ұйымының мөрімен расталған пәндер бойынша бағалары бар сынып журналынан үзінді-анықтама).


Текст