«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Балкашин ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 села Балкашино отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп директоры Дулат Айнагүль.

Дулат Айнагуль

Мен, Дулат Айнагүл, 1972 жылы 10 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының Алтын-Бұлақ ауылында дүниеге келдім. 1979 жылы Бекпас орта мектебіне бірінші сыныпқа барып, 1989 жылы бітірдім.

 1994 жылы О.Байқонұров атындағы Жезқазған педагогикалық университетінің тарих факультетінде оқуға түстім. 1999 жылы оқуды аяқтап, жоғары педагогикалық білім алдым.

2001 жылдың қыркүйек айынан бастап Жезқазған музыкалық колледжінде қоғамдық-гуманитарлық пәндер (тарих, құқық, саясаттану, философия, әлеуметтану, мәдениеттану) оқытушысы болып қызмет атқардым.

2007 жылдың қыркүйек айынан бастап Көкшетау қаласының Ақан Сері атындағы өнер колледжінде қоғамдық-гуманитарлық пәндер (тарих, құқық, саясаттану, философия, әлеуметтану, мәдениеттану) оқытушысы болып қызмет атқардым.

2008 жылдың қыркүйек айынан бастап Ақмола облысы Көкшетау қаласының №1 орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, тарих мұғалімі, психолог қызметін атқардым.    

2009 жылдың қыркүйек айынан бастап Балқаш қаласының №3 орта мектебінің тарих және құқық мұғалімі қызметін атқардым.

2014 жылдың қыркүйек айынан бастап  «Балкашин "№ 1 орта мектебі» ММ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, тарих және дінтану пәнінің мұғалімі қызметін атқарудамын. 

Мадақтамаларым:

2002 ж. - Жезқазған қаласының білім және ғылым қызметкерлерінің аймақтық кәсіподағынан Құрмет грамотасы;

2005 ж. - Жезқазған музыкалық колледжінің  Құрмет грамотасы;

 2008 ж. - "Дана мұғалім" номинациясы бойынша диплом;

2011 ж. - Балқаш қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Құрмет грамотасы;

2012 ж. - Балқаш қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Алғыс хаты;

2012 ж. - Балқаш қаласының әкімдігінің Құрмет грамотасы;

2014 ж.- Қалалық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі "Шығармашыл ұстаз" грамотасы;

2015 ж. - ҚР БҒМ Алғыс хаты;

2015-2016 жж.. - Ақмола облысының дін істері басқармасынан "ИРГ үздік мүшесі" грамотасы;

2017ж. - Ақмола облысы білім басқармасының Құрмет грамотасы;

 2017ж –Сандықтау ауданының әкімдігінің  Құрмет грамотасы;

2018ж. - Ақмола облысы білім басқармасының Алғыс хаты;

2019ж - Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгімен марапатталдым.

Отбасымның құрамы: Ұлы – Ағжанбаев Әлихан Сабырбекұлы, 1991 жылы туған. Балкашин ауылы, Ағайынды Айсиндер көшесі, 32 үй мекен-жайында тұрамын.

Жаңартылған күні: 31.01.2020 15:29
Құрылған күні: 28.12.2020 15:43

Текст