Қызмет көрсетушінің атауы – аудандық білім бөлімдері
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Көрсету мерзімі – 10 жұмыс күні
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қызмет алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі:
1) осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес, қызмет алушының ЭЦҚ қол қойылған электрондық сұрау түріндегі өтініш;
2) 2020 жылғы 30 қазандағы Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің м.а. № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 026/у нысаны бойынша дәрігерлік-консультациялық комиссияның электрондық қорытындысы («Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы») (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) – денсаулық жағдайына байланысты білім беру ұйымдарына бара алмайтын білім алушылар үшін;
3) оқу кезеңінің бүкіл уақытында барлық пәндерден «4» пен «5» бағалары бар білім алушылар үшін электрондық үлгерім табелі;
4) қызмет алушының ата-аналарының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың шетелде уақытша тұруы туралы электрондық анықтама – білім алушы ата-аналарымен немесе оларды алмастыратын тұлғалармен бірге шетелге шыққан жағдайда;
5) білім алушы ата-аналарымен немесе оларды алмастыратын тұлғаларсыз шетелге шыққан жағдайда, қызмет алушының атына берілген оның шетелде оқуын растайтын электрондық құжат.