Текст
2019 жылдың 30 шілдесі күні мектеп жанындағы «Күншуақ» лагерінде «Тәтті байқаулар» тақырыбымен аспаздар күні аталып өтті. Бұл күні балалар үйде аналары дайындап берген тағамдарын мектепке алып келді. Олар осы тағамдарды аналары қалай жасағандығын, қандай тағамдар қосқанын айтып түсіндірді. Кейін өздері осы тағамдардан дәм татты. Осыдан кейін олар тағы «Ас мәзірі», «Тәтті жегіш», «Қандай тағам екенін біл» сияқты байқаулар ұйымдастырды.