Мектеп директоры күнделікті ас мәзірін перспективті ас мәзіріне сәйкес бекітіп отырады. Аталған ас мәзірі асхананың көзге түсетін жерінде, яғни тамақ тарататын жерде ата-аналар мен заңды тұлғаларға көрінетін жерде ілулі тұрады. Тамақтың сапасын бақылайтын сарапшы топ келіп түскен тағамдардың сапасын күнделікті тексерістен өткізіп, олардың дайындалуын және оқушылардың тамақтануын қадағалап отырады. Дайын азық-түліктің түсуіне байланысты ескертулер жоқ. Сонымен бірге тағамдардың жасалу мерзімі мен сапасын мектеп медбикесі мен бракеражды комиссия мүшелері күн сайын бақылайды. Бекітілген 2 апталық ас мәзіріне сәйкес азқамтылған отбасы балалары түрлі ас қабылдайды. Қоңырау сайын сыныптар бекітілген кесте бойынша келіп тамақтанады. Орта есеппен асханадан күніне 500 оқушы тамақ ішеді. 2019 жылдың сәуір айында әлеуметтік азқамтылған отбасы балаларына көктемгі демалыстан кейін жаппай оқу қорынан жалпы құны 85291, 89 тиынға тегін көмек көрсетілді. Оларға: түрлі өлшемде қысқы, күзгі күртешелер, аяқкиімдер, спорттық костюмдер берілді. 67 оқушы күніне бір рет тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Олардың 4 қамқорлыққа алынған, 25 көпбалалы отбасынан, 16 толық емес отбасынан, т.б.