Текст
Балкашин №1 орта мектебінің 7 сынып оқушысы Алимжанова Айдана Щучинск қаласындағы «Ақжелең» балалар шығармашылығының республикалық байқауында Гран-приді жеңіп алды. Байқауға Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен келген талантты және алғыр балалар қатысты, алайда Алимжанова Айдана өзінің керемет вокалымен
қазылар алқасының көзіне түсті. Бұл жарыстың басты жүлдесі – шетелге жолдама болды, біздің оқушы оны жеңіп алды. Біз оның жетекшісі Баранов В.Ю-ны жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз және шығармашылық табыстар тілейміз.