«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Балкашин ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 села Балкашино отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балаларды бірге қорғайық!

20.11.2017

17 қарашада Балкашин №1 орта мектебінде балалардың денсаулығы мен балалардың жарақаттануының алдын алу бойынша жалпа мектептік ата-аналар жиналысы өтті. Ата-аналар қауымдастығының алдында мектептің инспекторы Искакова А.К. «Сіздің балаңыз жолаушы» акциясы туралы хабардар етті, қатысушыларды балалардың өмірі мен денсаулығына зиян келтірмеу үшін балаларды тасымалдау ережелері мен арнайы шектеулерді қолдану қажеттілігімен таныстырды. СӨС кабинетінің маманы Евланенкова В.А. ата-аналарға жол қозғалысы дағдыларын дамыту және балалардың жол-көлік жарақаттарының алдын-алу туралы ұсыныстар жасады. Мектеп психологы Еслям Ж.К ата-аналарға бағдарламаның физикалық және психикалық денсаулығын нығайтуға және мектептегі деструктивті мінез-құлықтың алдын алумен (суицидтің алдын алу) таныстырды. Мектеп директоры Калиакбарова С.Д өз сөзінде ата-аналарға асфиксиямен байланысты («Собачий кайф», «Космический ковбой», «На седьмом небе», «Путешествие в параллельный мир» т.б) жасөспірімдер арасында қауіпті ойын туралы ақпаратпен таныстырды. Ата-аналар қауіпті ойынның салдары мен симптомдары туралы біліп, балалардың осындай ойындарға қатысуын болдырмау

жөнінде кеңес алды. Кездесудің қорытындысы бойынша барлық қатысушы ата-аналар мен мектеп педагогикалық қызметкерлерінің балалар арасында қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және тәрбиелеу, үйдегі балаларға көбірек назар аудару, олардың ақыл-ойы мен денсаулығының жай-күйін бақылауды, шынайы өмірде қарым-қатынас шеңберін және ғаламтор әлемінде мәселелерді шешуі тиіс екендігіне шешім қабылдады. Қажет болса, мектеп психологының және ауданның медициналық-психологиялық қызметтерінің көмегіне жүгініңіз.

Просмотров: 542


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст