Текст
7 қараша күні Балкашин №1 орта мектебінің аясында психологтардың «Денсаулық пен өмірлік дағдыларды қалыптастыру, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасында өзіне-өзі қол жұмсауды болдырмау» тақырыбында семинар өтті. Семинарға мектеп директорлары мен тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасарлары қатысты.
Аманова Жанна Шакуовна - Республикалық Психикалық денсаулығының ғылыми-тәжірибелік орталығының клиникалық психологы, Махатаева Жулдыз Турашевна - Қызылорда облысы білім беру басқармасының оқу-әдістемелік бөлімінің психологы, әдістемелік нұсқаушысы- өз баяндамаларын оқыды.