14 сәуір аудандық шығармашылық үйінде Қазақстан халқының бірлігі Күніне арналған "д"Біртұтас отбасында" тақырыбында өңгелек үстел өтті. Оған аудан мектептерінен 6 мектеп қатысты. Қазақстан
жеріндегі халықтардың этномәдени дәстүрлерін талқылай отырып, оқушы – қатысушылар қызықты салт-дәстүрлері ұлттық тағамдар, ұлттық киімдер, музыкалық аспаптар, жекелеген халықтардың басқа да ерекшеліктері туралы айтып, нәтижесінде әр халықтың мәдениетінде бір – біріне ұқсас жақтары бар екендігі бойынша бір шешімге келіп, бір мәдениет екінші мәдениетке ауысқанын, оның бәрі бір Қазақстанның тұрғындары, олар бір достықтағы отбасы және әрқашан солай болу керек деген пікірді қолдады. Біздің Балкашин № 1 орта мектебінің оқушылары, «Шаңырақ»
мектеп ассамблеясының мүшелері - Степанова Анастасия, Шмит Роман, Кудерина Джамиля және Ашуркова Ольга 4 ұлтты, яғни кәрістерді, немістерді, удмурттар мен ингуштарды көрсетті. Іс-шара өте қызықты және мазмұнды болды,
оқушылардың ой-өрісін кеңейтуге, олардың рухани дамуына ықпал етті, сонымен қатар рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие берді.