Осынау қиын уақытта, қамқорлық пен материалдық көмекке мұқтаж адамдардың саны артып
келеді, басқаның мәселесін өз қиындығы ретінде қабылдайтын адамды табу қиын. Осындай адамдардың болғаны қандай тамаша?! Олар: О.П. Шкиль жеке қызмет бойынша «Белгі» ЖШС , Е.Н. Чечушкова ЖК, Г.А. Докаев «Султан» дүкені. Сіздердің ыстық жүректеріңіз, кең пейілдеріңіз, бауырмалдық пен мейірімділіктеріңіз өмірді жақсартады. Жақсы істер әрқашан да еленбей қалмайды, олар зәру жандарға жарық сыйлайды. Сіздердің игі істеріңіз басқа да қайырымды жандарға үлгі болады. Сіздер материалдық көмек көрсетіп қана қоймай, қуаныш пен үміт сыйлайсыздар. Біздің мектебіміздің денсаулығы нашар оқушыларына назар салғандарыңызға алғыс айтамыз. Сіздің көмектеріңіз
– бұл қайырымдылыққа қосқан баға жетпес үлес және айтарлықтай қолдау. Сіздерге амандық пен қаржылық табыс, отбасыларыңызға бақыт пен денсаулық тілейміз.