Текст
Тірек мектебіндегі ресурстық орталығының кезекті сессиясы аяқталды. 9 сынып оқушыларымен
өзін - өзі түсіну деңгейін арттыру мақсатында, өзінің психологиялық мәселелерін көре білу және оларды саналы түрде жеңе білу, бір-бірімен өз позициясын және жоспарларын келісу жайлы тренинг өткізілді. Балалар қуана-қуана
қатысып, әр бала өз пікірін айта алды. Сонымен қатар, 8 - 9 сынып оқушыларымен зияткерлік бейімділікке
тестілеу өткізілді. Тестілеу қорытындысы бойынша балаларда төмен көрсеткіш жоқ деген шешім шығарылды.