24 ақпан Балкашин №1 орта мектебінде 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Президенті
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын талқылау жиыны өтті. Мектептің педагогикалық ұжымымен Президент Жолдауын талқылау бойынша агенттік Департаментінің жетекшісі Беспалинов Берген Маратұлы мен Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары Қадырова
Гүлмар Ерғалиқызы кездесті. Сөз сөйлегендер жаңа Президент жолдауында адамдық капиталының сапасын көтерудің негізгі аспектілерінің бірі және экономикалық дамуының жаңа моделі білім беру екенін атап өтті. Б.М. Беспалинов өз сөзінде жаңа Жолдаудың басымдылығының бірі ретінде жемқорлыққа қарсы болу екендігін түсіндірді. Ол жемқорлыққа қарсы көзқарас бала санасына тәрбиемен, яғни отбасындағы, мектептегі тәрбиемен байланысты екенін атады.
Мектеп директоры С.Д.Калиякбарова жауап сөзінде: Жолдаудың жетістігі оны жүзеге асыруда еліміздің педагогикалық қоғамы қандай шаралар қолдануына байланысты және біздің мектептің мұғалімдері қойылған міндеттерді жүзеге асыруда үлесін қосуға дайын және жауапты екендіктерін түсінуде деді.