8 ақпан күні бірінші сыныптарда «Жақсылықтың жолымен жүреміз» тақырыбында сабақтар өтті. Мұғалімдердің әртүрлі қызықты ойындар өткізуінің арқасында барлық сабақтар қызықты өтті. Сабақтарда балалар тек ойнап қана қоймай, қарым – қатынас әліппесіне саяхат жасады.
9 ақпан 11сыныптар «Өз бетінше өмірге жол» атты тақырыпта өздерінің презентацияларын көрсетті. Балалар ересек өмір туралы ойларымен бөлісті. 9 ақпан жоғарғы сынып оқушыларының арасында «Жүрегің мен жаның болса кез-келген уақытта адам боласың…» тақырыбында пікірталас турнирі өтті.
9 ақпан музыка пәні мұғалімі Г.М. Поляковтың жетекшілігімен «Прекрасное далеко» атты балаларға арналған әндер байқауы өтті. Оқушылар көңілді балаларға арналған әндерді көтеріңкі көңілмен орындады. Байқау соңында «Достық» жеңді.
9 ақпан мектеп оқушылары рухани – адамгершілік білім бағдарламасының авторы С.А. Назарбаеваның
туған күніне арналған фильм көрді. Балалар С. Назарбаеваның қызметі туралы көп мәліметтер алды. Оның балалар үйіне, аз қамтылған отбасыларына, мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсеткен көмектері жайлы фильмдерден үзінділер көрді.