Мектеп жасындағы балаларды оқумен қамтуды толық қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ әлеуметтік қорғалмаған білім алушыларға және қаржылық аз қамтылған, тұрмысы нашар отбасы тәрбиеленушілеріне материалдық көмек көрсету үшін жаппай біліммен қамту айлығы нысанында "Қамқорлық" республикалық акциясы өткізіледі. Жұртшылықты көп балалы, аз қамтылған және сәтсіз отбасыларға қысқы мерзімде қайырымдылық қызметін жүзеге
асыруға бағытталған материалдық көмек көрсетуге шақырамыз.
Табыс кірісі төмен отбасыларына, материалдық көмекке мұқтаж жандарға қолдау және көмек
беруге шақырамыз.
Балкашин №1 орта мектебінің байланыс телефондары: 87164091270- сенім телефоны, 87164091456 – директордың қабылдау бөлмесі, 87164092854-оқу – тәрбие жұмысы бойынша оқу меңгерушілері.