Текст
Балкашин №1 орта мектебінде ЖМБ бойынша пәндер онкүндігі басталып кетті. 10 қаңтар 9 «Б» сыныбында биология пәні бойынша «Зияткерлік казино» атты сыныптан тыс іс – шара өткізілді. Құрастырылған сауалдардың мағынасы қызықты болып, ойын нысаны арқылы оқушылар ботаника, зоология, анатомия пәндерін қайталап, өте көп қызықты фактілерді біліп, өз танымдарын кеңейтті. Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, зияткерлік ақша «ақыл» табысын тауып, ставка қойып өз капиталдарын ұлғайтты немесе жоғалтты.Осындай қызықты ойында биологиядан үздік шыққандар:
1 орын – Букин Александр,
2 орын – Ласс Лилия,
3 орын – Россель Алексей.
Жеңімпаздар естелік сыйлықтар мен бірге биология пәнінен бес деген бағаларын алды.