«Балкашин ауылының №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ Тұңғыш Президент күнін мерекелеу аясында өткізілген іс-шаралардың анализы 30.11.2021 жыл
Барлық іс-шаралар бекітілген жоспар бойынша 22-29 қараша аралығында 1-11 сынып оқушыларын қамти отырып өтті. Әр сыныпта «Дана басшы – мықты ел» тақырыбында сынып сағаттары өтті, оның аясында ҚР Тұңғыш Президенті туралы бейнефильм, тәуелсіздіктің қалыптасуы мен еліміздің дамуына қосқан жеке үлесі туралы слайдтық презентациялар көрсетілді.
Мектеп кітапханасында «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы Тұңғыш Президент – Елбасының рөлі» ұранымен көрме ұйымдастырылды, кітапханашы Н. Н. Величко Н. Ә. Назарбаев туралы және оның авторлығымен кітаптарға шолу жасады.
Жоғары сынып оқушылары (9-11 сыныптар) үшін тарих пәнінің мұғалімі А. Т. Есимкирова «Көшбасшының өмірбаяны – ел тарихы» тақырыбында саяси сағат ұйымдастырды, оқушылардың қатысуымен «Патриот болу – Қазақстанмен бірге жүректе өмір сүру» тақырыбында диспут өтті. Іс-шараның соңында қатысушылар сауалнамаға қатысып, «азамат», «патриот» және «патриотизм» деген не деген мәселелер
бойынша өз пікірлерін білдірді, Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін атап өтті. Мереке алдындағы апта ішінде жоғары сынып оқушылары кеңесінің белсекнділері мектепте оқушылар мен мұғалімдер арасында сауалнама жүргізді, оның нәтижелері бойынша іскерлік дерекнама құрастырылып, «Мықты көшбасшы – табысты мемлекет» тақырыбына бейнеролик дайындады.
Бастауыш мектеп оқушылары сынып жетекшілерінің басшылығымен «Тұңғыш Президент – дәуір адамы» саяси квилтасына қатысып, Н. Ә. Назарбаевтың ұжымдық портретін жасап, оның Қазақстанның дамуындағы маңызды жеке жетістіктерін атап өтіп, стикерлерде Елбасыға деген жылы лебіздерін білдірді.