Бүгін менің туған күнім, ой пәлі-ай,
Мына жұрттар неғып жатыр тойламай.
Банкет жасап бере едім өзім-ақ,
Тәңірімнің жарытпай-ақ қойғаны-ай,- деп жырлаған қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтің 9 ақпантуған күні еді. Осыған орай мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Курманбаева Гүлайым Теміржанқызы, кітапханашы Нұргүл Алтайқызы және 8 «Ә» сынып оқушыларымен «Әлі талай жыр болып жазыларсың» атты әдеби еске алу кеші өтті. Әдеби кештің басты мақсаты: Оқушыларды М. Мақатаевтың өмір жолы, шығармашылығымен, ақындық талантымен таныстыра отырып, Мұқағали жырларын оқыту арқылы поэзия әлеміне, сөз өнеріне сүйіспеншілігін арттыру, көркем оқуға дағдыландыру. Нұргүл Алтайқызының қолдауымен Мұқағали Мақатаевтің шығармашылығына, өміріне байланысты оқушылар, келген ұстаздар үшін шағын көрме жасалды. Кеш барысында оқушылар «Ғасыр ақыны» жайлы көптеген мәліметтермен танысты. Оқушылар өздері білетін Мұқағали өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды. Гүлайым Теміржанқызы Мұқағалиға өзі шығарған керемет арнау өлеңін оқып берді. Әдеби кеш өте жоғары деңгейде өтті.