«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Балкашин ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 села Балкашино отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Менің жетістігім – елімнің жетістігі».

01.03.2019

27 ақпан күні Балкашин №1 орта мектебінің оқушылары Қазақстанның Жастарына арналған Жылға арналған аудандық жастар форумына қатысты. Аталған форумда 6 «Б» сынып оқушысы Савиди Никита мен 8 «Ә» сынып оқушысы Алимжанова Айдана сөз сөйледі. Аудандық, облыстық және республикалық «Зерде-2019» ғылыми-зерттеу байқауының жеңімпазы Савиди Никита өзінің ғылыми жұмысы туралы, оны қалай жазғаны туралы және алдағы уақытқа құрған жоспары туралы айтып өтті. Бірнеше дүркін республикалық және халықаралық балалар шығармашылық байқауының жеңімпазы Алимжанова Айдана өзінің шығармашылығы жайлы, Франция мемлекетінде өткен «Paris, je t’aime» байқауына қалай қатысқандығы жайлы айтты. Мектебіміздің үш оқушысы - Ожогов Олег (10 «Б» сынып), Котельникова Валентина (10 «Ә» сынып) және Савиди Никита (6 «Б» сынып)түрлі облыстық байқауларға қатысып, аудан мен мектеп өмірінде белсенділік танытқаны үшін аудан әкімінің орынбасарынан Мақтау қағазымен марапатталды.  

Просмотров: 507


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст