«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Балкашин ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 села Балкашино отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жамбылдың ауылына саяхат.

01.03.2019

28-ші ақпан күні кітапханашы А.Н. Алпысбаеважыр дүлділі, ғасыр ақыны, Жыр алыбы- Жамбыл Жабаевты туған күніне орай әдеби киіз үй өткізді.Бұл іс-шараға 7 «Ә» сынып оқушылары, мектеп директоры С.Д. Қалияқбарова, орынбасары А. Дулат және қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Г.Т. Құрманбаева қатысты.  Әдеби кеште қара өлеңнің алыбы, даланың дархан данасы Жамбыл атамыздың өмірі мен шығармашылығы жайында өзінің үміт күткен ұрпақтары сыр шертті. Қазақстан үшін және біртұтас көпұлтты халық үшін мақтаныш сезіміне толы шығармалар, жалпы мемлекеттік және жалпы азаматтық әуендегі шығармаларды өмірге әкелген, екі ғасырдың куәсі, жыршы-жырау, халық ақыны, ірі айтыскер ақынды еске алмау мүмкін емес. Жамбыл есімі қазақ халқы үшін, қазақ поэзиясы үшін аса қымбат. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай: «Жамбылдың шығармашылығы, оның өмір жолы бір адамның емес, бүкіл қазақтың ауыз әдебиетінің, соның ақпа-төкпе ақындық өнерінің жаңа белесі, ХХ ғасырдың ең ірі серпілісі ретінде қабылдануы ләзім. Ол өзінің өлмес өнерімен тұтас дәуірдің шыншыл шежіресін жасай білді, өміршең ойларымен сол дәуірді саралап берді. Сондықтан да, біз оны қазақ халқының ұлы тұлғаларының бірегейі ретінде ұлағат тұтамыз».

Просмотров: 482


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст