Текст
Балкашин №1 орта мектебінде 14 наурыз күні «Наурыз мейрамы» апталығы басталып кетті. Аталған апталықтың бірінші күні ұлттық дәстүр «Көрісу» күніне арналды. Біздің ата-бабамыз ерте заманда мал шаруашылығымен айналысқандықтан, жазық далада үйір-үйір мал бағып жүріп, көшпелі халық бір-бірімен көктемгі уақытта кездесіп амандықтарын сұрасқан. Қыраулы қыстан аман-есен қыстап шыққандарына мәз болған халық «Аман-есен қыстан шықтық!» деп құшақтасып көріскен. Осыдан «Көрісу», «Кездесу», «Жөн сұрасу» дәстүрі жаслғасын тапқан. Олар көрісіп қана қоймай, барлық туысқандарын аралап, амандықтарын біліп, бір-біріне реніштері болса кешірім сұрасқан.
Директордың ТЖ жөніндегі орынбасары: А.К.Алимжанова