Бата беру – адал ниет, жақсы тілек білдірудің қазақ халқымыздың көне дәстүрі. Бата ізгілік, парасаттылық пен мейірімділік деген қасиеттерге бастаушы әрі тудырушы рухани мұра болып табылады.
Наурыз мерекесінің қарсаңында 19 наурыз күні Балкашин №1 орта мектебінде «Ақ бата – асыл мұра» тақырыбындағы жас батагөйлер сайысы өтті. Аталмыш байқауға қазақ тілінде білім алатын 1-сыныптан бастап 11-сыныпқа дейін ұл балалар қатысты. Үміткерлер 3 кезеңде өз өнерлерін көрсетті: «Сәлем – сөздің анасы» таныстыру кезеңі, «Ақ дастарқанға бата беру» кезеңі, «Наурыз мерекесіне ақ тілек, бата беру» кезеңі.
Сайыскерлердің білімдерін әділқазылар алқасы бағалады. Құрамында ауылымыздың құрметті ақсақалы, аудандық, облыстық және республикалық «Бата беру» сайыстарының жеңімпазы Ахметов Жақсыбай Құрманұлы; Аудандық тілдерді оқыту орталығының директоры Қопабаев Мендібай Сайлаубайұлы және мектебіміздің директоры Қалиякбарова Салтанат Досымбекқызы.
Жақсыбай Әліби (2Ә сынып), Шурманов Фархат (6Ә сынып) және Сулейменов Олжас (9Ә сынып) сайыстың жеңімпаздары деп атанды.
ТЖ бойынша директордың орынбасары Әлімжанова А.Қ.