Текст
Көктемгі демалыс кезінде Балкашин №1 орта мектебінің оқушыларымен кәсіби бағдар беру жұмыстары белсендірілуде. 28 наурыз күні 10 «Б» сынып оқушылары сынып жетекшісі Деобальд Виталий Викторовичтің жетекшілігімен Сандықтау АЭС танысуға барды. Балалар подстанциямен, аудан бойынша электр қуатын бөлетін құрылғысымен танысты. АЭС басшысының орынбасары Пустовалов Сергей Александрович оқушыларға аталған ұйым қызметінің ерекшеліктерімен таныстырды. Саяхат балалар үшін өте қызықты, әрі кәсіби бағдар беру мақсатында танымды болды. Сонымен бірге оқушылар бұл саланың халықшаруашылық кәсібінің маңызды бір саласы болып табылатындығын білді.