Мектептегі Балалар мен жасөспірімдерге арналған кітаптар апталығы «Әдеби крестики-нолики» ойынымен жалғасты. Ойынға орта буын оқушыларынан құралған екі топ қатысты. Жеребе тастау арқылы «Нолики» командасы № 5 ұяшықты таңдады, ондаға сұрақ «Мына жолдар қай шығармадан?», сол шығарманың аты мен авторын табу керек. «Крестики» командасы тапсырмаларды дұрыс әрі тез орындады. Сондықтан № 5 ұяшыққа крестик қойылды. Осылайша ойын қай команда ұяшықтарды көлденең, тік және диагональ бойынша бұрын жапқанға дейін жалғасады. Қатысушыларға ұсынылған тапсырмалар тақырыбы: «Поэзия», «Мысалдар», «Түрлі ертегілер», «Пушкин ертегілері», «Кімнің портреті?», «Қай жерден алынған эпиграф?», «Михаил есімді жазушыларды ата», Берілген есімі мен әкесінің аты бойынша жазушының тегін табу». «Крестики» командасы жеңімпаз атанды. Барлық қатысушылар сыйлықтар алды.