Текст
29-шы наурызда бастауыш сынып оқушыларына арналған Ы. Алтынсариннің «Мақта қыз бен мысық» ертегісі бойынша сахналанған қойылым көрсетілді. Ертегілерді тамашаумен қатар, балалар ертегі кейіпкерлерінің түрлі тапсырмалараын орындап, өздерінің ертегі әлемін қаншалықты білетіндерін дәлелдеді. Ең белсенді қатысқан Баянбай Амина, Бурамбаева Аружан, Нұрбек Әбілмансұрға және барлық көрермендерге сыйлық берілді. Сонымен қатар шараның соңында балаларға шағын үстел жасалды. Осы іс-шара арқылы оқушылардың ертегілерге деген қызығушылықтарын оятып, кітаптарды көп оқуға шақырдық. Қойылым балалардың көңілінен шығып, үйлеріне көтеріңкі көңіл-күймен кетті.