Текст
Балкашин №1 орта мектебінде 10, 11 сынып оқушыларының ата-аналарымен ҰБТ мен қорытынды аттестациялауды өткізуге байланысты тағы жиналыс өтті. Аталған жиналыста мектеп әкімшілігі ата-аналардың қойған сұрақтарына жауап беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Директордың ТЖ жөніндегі орынбасары Әлімжанова А.Қ. балалар мен жас өспірімдердің арасында интернет-тәуелділіктің алдын алу туралы тақырыбында сөз сөйледі, сонымен қатар «Қауіпсіз интернет» республикалық ақпараттық кампанияның аясында өткізілетін іс-шаралар жөнінде ақпаратпен таныстырды. Сондай-ақ, Әлімжанова А.Қ. тасқын кезеңіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған ұсыныстармен таныстырды.