«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Балкашин ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 села Балкашино отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ел бірлігі – ел теңдігі.

30.04.2019
Кітапханашы Н.А. Алпысбаева Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Ғажайып алаң» ойынын өткізді. Ойынға 5-6 «Ә» сыныптары қатысты. Үш айналымнан бір баладан финалға өтті, олар – Батыр, Руана және Мағжан. Финалда жеңіске жеткен 5 «Ә» сынып оқушысы Жапаров Батыр супер ойында да жеңімпаз атанды. Әр сынып өз өнерлерін ортаға салды, 5 «Ә» сынып орыс тілінде ән шырқап, 6 «Ә» сынып шешен халқының ұлттық биін биледі. Барлық кезеңдердегі сұрақтар мерекеге, оның шығу тарихына байланысты болды. Қатысушылар шағын сыйлықтар ұтып алды. 
Іс-шараның мақсаты Қазақстан Республикасындағы халықтардың ынтымақтастықпен, бірлікпен, тең құқықпен өмір сүріп жатқандығын үлгі етіп, әр халықтың салт-дәстүрлеріне құрметпен қарап, осы достық қарым-қатынасты әрі қарай сақтап қалуға шақыру.
Бұл мереке - Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірі. «Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Ел бірлігі ең асыл қасиет. Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі – еліміздің ынтымақтастықпен бейбіт өмірі.
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі құтты болсын!
 
Н.А. Алпысбаева
Просмотров: 525


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст