Текст
Балкашин №1 орта мектебінің тоғызыншы сынып оқушылары Каменка селосындағы Агротехникалық колледжде болып қайтты. Аталған оқу орнында жыл сайын Ашық есік Күнін өткізу дәстүрге айналған. Қонақтар колледждің материалды-техникалық базасымен, жатақханасымен, студенттердің бос уақытын өткізетін орындармен танысты.