Текст
25 мамыр күні Балкашин №1 орта мектебінде 2018-2019 оқу жылының аяқталуына байланысты салтанатты саптүзеу өтті. Мектебімізде биылғы жылы 55 мектеп бітіруші түлек бар. Саптүзеуге аудан әкімі Үйсімбаев Асқарбек Съезбекұлы, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеттің «Рухани жаңғыру» және отандық тарих кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымының кандидаты, доцент Базаров Қанат Тастемірұлы және педагогикалық еңбек ардагерлері қатысты. Сонымен бірге саптүзеуде 2018-2019 оқу жылындағы мектептің жетістіктері мен түлектердің алдағы өміріне ізгі тілектер айтылды. Түлектер өздерінің мұғалімдері мен ата-аналарына жылы лебіздерін білдіріп, мектеп директорына альбом тапсырды. Аталған альбом мектептің мұражайына өткізілді.