«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Балкашин ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 села Балкашино отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Білім күні

02.09.2019

1 қыркүйек күні мектебімізде білім Күніне арналған салтанатты саптүзеу өтті. Аталған саптүзеуге оқушылар, ата-аналар, педагогика қызметінің ардагерлері және аудандық маслихаттың депутаты Клюшников Сергей Иванович қатысты. Осы күні 43 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады. Саптүзеуде түрлі құттықтау сөздер айтылды. Болашақ мектеп түлектері бірінші сынып оқушыларына арнап алмадан жасалған тәтті нан мен түрлі түсті қарындаштар сыйлады. Биылғы жылы зейнетке шыққан мұғалімдер: И.Г.Клюшникова мен М.М.Майлыбаевқа жылы лебіздер білдірілді. Мектебіміздің директоры С.Д.Қалияқбарова барлық оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады, ұжымды жаңадан келген мұғалімдермен таныстырды, мектебіміздің жазғы демалыстағы жетістіктерін атап өтті. Атап айтсақ: шахматтан Республикалық байқауда 3 орын және жоғары сынып оқушылары арасында өткен «Қазақстан – менің Отаным» атты Республикалық туристік экспедициядан 2 орын.

Алғашқы қоңырау соғу құқығы 1 «Ә» сынып оқушысы Уалиханова Айлана мен мектебіміздің болашақ түлегі, оқу үздігі, «Жас Ұлан» БЖҚҰ белсендісі, аудандық пән олимпиадалары мен ғылыми жобалар байқауының жеңімпазы – Ожогов Олегке берілді. Салтанатты саптүзеуден кейін әр сыныпта Тәуелсіз мемелекетіміз туралы, патриоттық сезім туралы, мемлекеттік рәміздер туралы, өсіп келе жатқан жас ұрпақ туралы және еліміздің болашағы туралы сынып сағаттар өтті.

Просмотров: 609


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст