Текст
5 қыркүйек күні «Жолда жүру қауіпсіздігі апталығы» аясында Балкашин №1 орта мектебінің 6 сынып оқушылары автокөлік жүргізу пәні мұғалімі Б.В.Сходнюктің және директордың ТЖ жөніндегі орынбасары Т.Я.Антонкинаның басшылығымен Сандықтау АІІБ қызметкерлерімен бірлесе отырып «Жүргізуші, мұқият бол!» акциясын өткізді. Оқушылар командасы көшелерге шығып, жүргізушілерге жолда жүргенде мұқият болу және жол ережелерін сақтау керектігі туралы парақшалар таратты.
Антонкина Т.Я.