Текст
Бүгін 3.10.2019 жылы Балкашин №1 орта мектебінде 5 «ә» сыныбында А.Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Дархан халықтың дана Абайы» атты әдеби сазды кеш өтті. Бұл кеште балалар Абай атамыздың өлеңдерін жатқа оқып, әндерін айтып, «Абай жолы» романы бойынша үзіндісін алып көрініс қойды. Кешке басқа ұлт өкілдері де қатысып, өз өнерлерін паш етті. Кеш соңында мұғалімдер балалардың өнерлеріне риза болып алғыстарын білдірді.