Текст
Бүгін Балкашин №1 орта мектебінің оқушылары аудандық «Нан күніне» арналған іс шараға белсене қатысты. Олар көрермендер мен қонақтарға хореографиялық композицияларын көрсетіп, түрлі әндер айтып, нан туралы өлеңдерді нақышына келтіріп оқыды. Сонымен бірге барлық қонақтар оқушылардың ата-аналары дайындаған тәтті бауырсақтармен, жайма нанмен, құймақпен, тоқаштармен тамақтандырды.