Текст
Бүгін Балкашин №1 орта мектебінде жоғары сынып оқушылары мен мұғалімдерге арналған «Адалдық сағаты» тақырыбына отырыс өтті. Аталған отырыста «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының орынбасары Ловягина Лариса Александровна Елбасы Жолдауына қатысты түсініктеме беріп, осыған қатысты жүргізіліп жатқан жұмыстар мен жемқорлыққа қарсы күрес туралы айтып өтті. Отырыс соңында Жемқорлыққа қарсы күрес туралы бейнематериалдар көрсетілді.