Текст
Мектеп кітапханасында 6 «А» сынып оқушыларына арналған «Қазақстанның жануарлар әлемі» атты зияткерлік ойын бағдарламасы өткізілді. Ойынға екі команда қатысты «Казахстанцы» және «Лидеры». Ойын 4 категориядан тұрды: «Үй жануарлары», «Дала мен шөлді мекендейтіндер», «Дала елінің қасиетті жануарлары» және «Қасиетті құстар». Әр категорияда 9 сұрақтан болды. Командалар жеңіске жету үшін белсенді қатысты. «Лидеры» командасы жеңіске жетті. Барлық қатысушыларға естелікке Қазақстан жануарлары суреттерімен күнтізбелер табысталды.