2019 жылдың 11-29 қарашасы аралығында «Бала құқығы – адам құқығы» ұранымен «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық кампаниясы өтуде. Кампания туралы ақпаратты стенд рәсімделді, кітаптар көрмесі ұйымдастырылды, сынып жетекшілері мен ата-аналар үшін кітапшалар басылып шығарылды. Бастауыш сынып оқушылары арасында суреттер байқауы ұйымдастырылып, түсіндіру әңгімелері жүргізілді. 5-7 сынып оқушылары арасында дөңгелек үстел өткізілді, 7-11 сынып оқушылары арасында БҰҰ Конвенциясының балалар құқығы туралы мақалалары жайлы сауалнама жүргізілді.
Жұмысқа сынып жетекшілері, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагог, құқық қорғау органдары жұмылдырылды.
Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің құқықтық мәдениеті туралы, БҰҰ Конвенциясының балалар құқығы туралы негізгі ережелеріне қатысты білімдерін арттыру мақсатында жалпымектептік ата-аналар жиналысы және сынып сағаттары өткізілді. Біріккен Ұлттардың Бас Ассамблеясы 1989 жылы 30 қарашада қабылданған болатын. Биылғы жылы аталған Ассамблеяға 30 жыл толып отыр.