«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Балкашин ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 села Балкашино отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Баскетбол турнирі.

05.12.2022

Ағымдағы жылдың 21-25 қараша аралығында Ақкөл қаласында 2010 жылы туған және одан кіші ер балалар мен қыз балалар арасында баскетболдан Ақмола облысының чемпионаты өтті. Аталған чемпионатқа 7 қыз балалар және 7 ер балалар командасы қатысты (Көкшетау қ., Степногорск қ., Ақкөл қ., Зеренді ауданы, Аршалы ауданы, Астрахан ауданы, Сандықтау ауданы), біздің командамызды №1 ЖОББМ және №2 ЖОББМ оқушылары құрады: Плохенко  Матвей, Павлухин Богдан (капитан), Штанников Максим, Загородкин Сергей, Шефер Артем, Муровицкий Руслан, Кнак Антон, Жданов Максим, Свердлов Владислав, Шмит Эдуард, Строкуленко Александр, Науменко Олег, Парфенчик Константин!!! 4 ойын күнінің қорытындысы бойынша біздің команда құрметті екінші орынға ие болды. Балалар командалық кубокпен, жеке медальдармен және грамоталармен марапатталды. Сондай-ақ, біздің команданың ойыншысы Павлухин Богдан үздік қорғаушы номинантымен марапатталды.
Құттықтаймыз, одан әрі табыс тілейміз!!!!

Просмотров: 222


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст