Текст
Балалар мен ересектердің сүйікті мерекесі- Жаңа жыл жақындап келеді. Оның қарсаңында мектепте жаңа жылдық қарбалас басталды, балалар шырша әшекейлерін жасап, мерекелік іс-шараларға дайындық жүргізілуде, ал мектеп аумағында сүйікті ертегілер мен мультфильмдердің түрлі-түсті қар кейіпкерлері пайда болды. Мұның бәрі ерекше мерекелік атмосфераны жасайды. Біз сынып жетекшілеріне және мереке қарсаңында мектеп аумағында қар қалашығын жасауға қатысқан ата-аналарға үлкен алғысымызды білдіреміз. Біздің қиялымызды шындыққа айналдырған әріптесіміз - Мельникова Дарья Сергеевнаға ерекше алғыс айтамыз.