Қысқы демалыс - оқушылар үшін сүйікті кезең. Бұл тек оқудан ғана емес, сонымен қатар бос уақыттарын көңілді өткізуге мүмкіндік. Біздің мектепте таза ауада ойнау, конькимен, шаңғымен сырғанау, қысқы орманға саяхатқа шығу және басқа да көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда. Балалар аталған іс-шаралардан күш-қуат және жағымды эмоциялар алуда. Демалыстың бірінші күні 29 желтоқсанда қазақ сыныптарында оқитын жоғары сынып оқушылары Көкшетау қаласына саяхатқа барып қайтты. Онда орталық алаңдағы кинотеатр мен қар қалашығына барды. 5 қаңтар күні 6 «Б» сынып оқушылары бос уақыттарын ауылымыздың орталығындағы қар қалашығында өткізді. 6 қаңтар күні орта буын оқушылары арасында мұз айдынында спорттық сайыстар ұйымдастырылды. Тимур командасы өздерінің қамқорлығындағы зейнеткерлердің үйлерінің маңын қардан тазартып көмек көрсетті.