Текст
Халықаралық балалар кітабы күніне орай мектеп кітапханасы 4 «Б» сынып оқушыларына арналған «Белгісіз жолдарда...» атты әдеби квест ұйымдастырды.
Балалар әдебиет әлеміне қызықты саяхатқа аттанды. Олар «Жұмбақтар тоғайы», «Ертегілер үңгірі», «Поэзия бұлағы», «Оқиғалар аралына» барып, «Білім шынын» бағындырды. Әр кезеңде «саяхатшыларды» тапсырмалар күтіп тұрды. Орындалған әр тапсырмаға кітапханашы Величко Н.Н. бір пазлдан беріп отырды. Барлық пазлдарды жинап, олардан кітапхана жоспарын құрастырды. Сол жоспар бойынша олар тәтті «қазына» тауып, квестті жақсы көңілмен аяқтады.