Текст
Ағымдағы жылдың 5 ақпаны күні жаратылыстану-математикалық бағытының пәндері онкүндігінің аясында 7 "Ә" сыныбында физика пәнінен сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Мақсаты: оқушыларды физика пәніне сүйіспеншіліктерін, қызығушылықтарын арттыру, оқушылардың бойында рухын тәрбиелеу, өзара қарым-қатынасын, креативті ойлауды дамыту. Ойын бес бөлімнен тұрды: қарапайым ойын, қос ойын, үштік ойын, керісінше, үлкен ойын. Оқушылар даму деңгейін көрсетті,ой-өрісін, ойлау дербестігін, ерік-жігерін, мақсатқа жетудегі табандылығын, ұжым алдындағы жауапкершілік сезімдерін кеңейтті.