«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Балкашин ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 села Балкашино отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бос орын! Математика пәнінің мұғалімі!

19.09.2023

«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Балкашин ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ бос лауазымдарға байқау жариялайды:

 

Қазақ және орыс тілдерінде оқытатын математика мұғалімі

 

1

Білім беру мекемесінің атауы

«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің Балкашин ауылының №1 жалпы орта  білім беретін мектебі» КММ

Орналасқан жері, пошталық мекенжайы

Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Балкашин а.  Ағайынды Айсиндер көшесі  50 үй

Телефон нөмірі

8 716 40 9 14 56

Электронды пошта мекенжайы

balkashino_sh1@mail.ru

2

Бос немесе уақытша бос лауазымның атауы, жүктеме

Қазақ және орыс тілдерінде оқытатын математика мұғалімі, 10 сағат (қазақ тілінде оқытатын - 6 сағат, орыс тілінде оқытатын - 4 сағат)

Негізгі функционалдық міндеттері

  • Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады.
  • Білім алушы мен тәрбиеленушінің жеке басының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға ықпал етеді.
  • Білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын пайдаланады.
  • Қысқа мерзімді жоспарлар, бөлім бойынша жиынтық бағалау және тоқсандық жиынтық бағалау үшін тапсырмалар жасайды.
  • Электрондық журналдарды толтырады.
  • Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, жүйелі-белсенділік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
  • Оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оларды оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес толық көлемде іске асыруды қамтамасыз етеді.
  • Әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қауымдастықтардың отырыстарына қатысады.
  • Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтары мен бейімділігін зерттейді.
  • Ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады.
  • Ата-аналарға кеңес береді.
  • Кәсіби құзыреттілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті арттырады. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелерін орындайды.
  • Білім беру үрдісі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді.
  • Ата-аналармен немесе оларды алмастыратын адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады.
  • Жабдықты пайдалану кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды орындайды.
  • Білім беру үрдісі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.
  • Тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады.
  • Білім алушылар, тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын қалыптастырады.

Еңбекақы мөлшері мен шарттары

  • өтілі мен біліктілік санатына сәйкес төленеді;
  • кәсіби орта білім ( min): __________ теңгеден бастап;
  • жоғары білім (min): ___130-218_______ теңгеден бастап

3

Педагогтердің Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары

  • тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім жұмыс өтіліне қойылатын талаптарды көрсетпей немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік педагогикалық білім жұмыс өтіліне қойылатын талаптарды көрсетпей;
  • және (немесе) біліктіліктің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер үшін педагогикалық жұмыс өтілі - 5 жыл;
  • және (немесе) біліктіліктің жоғары және орта деңгейі болған кезде педагогикалық жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін – кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін - кемінде 4 жыл

4

Құжаттарды қабылдау мерзімі

     5 жұмыс күнінде

5

Қажетті құжаттар тізімі

1)осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, байқауға қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген – егер бар болса);

4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

 6) Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің міндетін атқарушының «Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы» 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

 8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

 9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог – модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) 114-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

11) кандидат үшін ұзақтығы кемінде 15 минут, ең аз кеңеюі - 720х480 өтілі жоқ бейнепрезентация.

6

Уақытша бос лауазым мерзімі

 

 

Ізденуші-педагогтар байқауға қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, байқауға қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген – егер бар болса);

4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

 6) Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің міндетін атқарушының «Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы» 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);

 7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

 8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

 9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог – модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) 114-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

11) кандидат үшін ұзақтығы кемінде 15 минут, ең аз кеңеюі - 720х480 өтілі жоқ бейнепрезентация.

Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларын бекіту туралы» №568 және Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы №432 бірлескен бұйрығына сәйкес тестілеу өткізіледі, педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шебер біліктілік санаты болған кезде куәлік беріледі.

Байқау өткізу орны - «Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Балкашин ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ. Байқау өткізу күні -  2023 жылғы 26 қыркүйек, сағат 10.00-де.

Байқауға қатысу үшін қажетті құжаттар Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Балкашин ауылы, Ағайынды Айсиндер көшесі 50, Балкашин 021400 мекенжайы бойынша ұсынылуы тиіс

Анықтама телефоны:87164091456

Просмотров: 3133


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст