Текст
Алғыс айту күні ең маңызды адами құндылықтар – мейірімділікке, құрмет пен сезімталдыққа, біздің қасымызда адамдарға деген ілтипатқа толы. 28 ақпан күні осы мереке қарсаңында Балкашин №1 орта мектебінің оқушылары «Экспресс ізгі тілектерді» жүзеге асырды. Олар педагогикалық еңбек ардагерлерінің отбасыларына барып, мерекемен құттықтап, өз қолдарымен жасаған ақ гүлдерін, алғыс хаттарын сыйлады. Өйткені Алғыс айту күнінің символы – «ақ гүл». Бұл балалар үшін ерекше мейірімділік сабағы болды. Оның барысында оқушылар басқаларға қуаныш сыйлап, өздері жағымды эмоциялар ала білді. Қандай да болмасын жасалған жақсылық адамдарға әрдайым айналып келеді.